Елімізде қант экспортына уақытша тыйым салынды

Құжаттың толық атауы – ауыл шаруашылығы министрінің «Қант пен құрақ шикі қантты сыртқа шығарудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 4 мамырдағы № 140 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының аумағынан қант пен шикі қантты алып шығуға 6 ай мерзімге тыйым салуды бұйырамын, — деп жазылған бұйрық мәтінінде.

Сонымен қатар бұл құжат аталған шешім туралы мәліметті Еуразия экономикалық комиссиясына хабарлау ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеті екенін айқындайды.

Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді, — деп жазылған құжатта.