Алматыда 300-ден астам адам Finiko қаржы пирамидасына алданып қалды

Finiko ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында 300-ден астам адам арыз беріп, шығын көлемі 1,8 миллион АҚШ долларын және 630 миллион теңгеден астам соманы құраған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, The Finiko симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады. Ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген. Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.