Басты бетЖаңалықтарМинистр: Бюджетке...

Министр: Бюджетке қатысты ұсыныстарды үкімет ескереді

Үкіметтің есебі парламент мәжілісі мен сенатында егжей-тегжейлі талқыланды. Оны қарау кезінде экономиканың барлық бағыттары бойынша жүздеген сұрақтар мен ұсыныстар берілді. Олар жұмыс топтары мен комитеттерде де талқыланды. Депутаттардың ұсыныстары үкімет жұмысында ескерілетін болады, — деді министр парламент палаталарының бірлескен отырысында.

2021 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 4% құрады. Экономиканың барлық негізгі салаларында оң нәтиже болды. Мәселен, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,8%, құрылыс саласы 7,6%, көлік 3,6%, сауда 9,2% өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,5% ұлғайды.

Министрдің айтуынша, былтыр инфляция 8,4% құрады. Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталды.