Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бірлескен отырысқа сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, үкімет мүшелері қатысып жатыр.

Бүгін конституциялық кеңестің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы», сонымен қатар Қазақстан Республикасы үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралады.

Отырыс барысында конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми жыл сайынғы жолдау бойынша баяндама жасайды.