Конституциялық кеңес президент өтінішін қабылдады

Конституциялық кеңес Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын Қазақстан Республикасы конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады,-делінген хабарламада.

«Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі туралы» конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті конституциялық кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Конституциялық кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.