Ok сөзі қалай пайда болған?

Көпшіліктің неге Ок деп айтатынын білесіз бе? Ең көп таралған теорияға сәйкес: ОК ағылшын тілінің «Oll Korrekt» деген сөз тіркесінің қысқартылып айтылуынан пайда болды делінеді. Бүгінде ОК сөзі әлемде ең көп қолданылатын сөздер қатарына жатады.

Негізінде ағылшын тілінің грамматикасына сәйкес «All Korrect»(бәрі жақсы, бәрі дұрыс) деп жазылады. Ок-ты 1840-шы жылдардағы бостондық газеттер танымал етті. Сөздер мен сөз тіркестерін қалжыңдап қатемен жазу сол кездердің сәні еді.

Аңыз бойынша, кейін Нью-Йорк демократтары президентке үміткер Мартин ван Бюренді (АҚШ-тың 1837 мен 1841 жылдар аралығындағы ел басқарушысы) президенттік сайлауда қолдау мақсатында кеңінен таратты делінеді. Себебі оның лақап аты Old Kinderhook (Кәрі Киндерxук) еді, ал ОК тиісінше оның лақап атының бірінші әріптерінен пайда болған .

ДереккөзMassaget.kz