Нью-Йорк мэрі 17 қыркүйектегі жарылысты «ұйымдастырылған әрекет» деп атады

Жарылыстан соң мамандар оқиға орнына жақын маңнан күдікті зат тауып алған, қазір оны зерттеп жатыр. Де Блазионың мәлімдеуінше, «әзірге террорлық шабуылдың ізі білінбейді».

Тергеушілердің бірінің Associated Press агенттігіне хабарлауынша, оқиға орнынан мобильдік телефонмен сым арқылы жалғанған жылдам қайнатқыш табылған. Осы тәріздес қолдан жасалған жарылғыш 2013 жылы Бостондағы марафон кезінде ұолданылған еді. Сарапшы Челсидегі жарылыстың Нью-Джерсиде құбырдың жарылуына байланысты еместігін айтты. Нью-Джерсидегі оқиға да 17 қыркүйекте мыңдаған адам қатысқан қайырымдылық марафоны кезінде тіркелді.