Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, ұн өндірушілер өнімін ішкі нарыққа әлдеқайда қымбатқа өткізген. Ал эспортқа баға төмен болған.
Мәселен ұнның тоннасын былтыр жергілікті өндірушілер 428 доллар деп белгілеген. Ал Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріне экспортталған ұнның бірінші сорты 357 доллардан сатылған. Яғни, айырмашылық 71 доллар. Теңгемен айтсақ 30 мың. Әзірге бұған не себеп болғаны айтылмай отыр,- делінген хабарламада.