Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтар Мальдив...

Қазақстандықтар Мальдив аралдарына визасыз бара алады

Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Мальдив Республикасына 30 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. 30 күн ішінде аталған елден кету мүмкіндігі болмаған азаматтар Мальдив Республикасының құзыретті органдарынан мерзімді ұзарту туралы рұқсат алуға тиіс, – делінген үкімет қаулысында.

Ал Мальдив Республикасына қызмет бабымен баратын азаматтардан виза талап етіледі.