Ұлттық банк төрағасы теңгенің нығаюына не әсер еткенін айтты

Мамырда жаһандық қаржы нарықтарындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8% нығайды. Ұлттық валютаның нығаюы мұнай-газ нарығындағы жоғары баға мен экспорттаушылардың салық төлемдеріне, жеке тұлғалардың шетел валютасына сұранысы төмендегендіктен нарық қатысушылары сентиментінің өзгеруіне, Ресей рублі бағамының нығаюына байланысты, — деді ұлттық банк төрағасы.

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, валюта нарығындағы ұсыныс квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы есебінен қосымша қолдау тапты. Оның көлемі мамырда шамамен 598 млн доллар болды.

Бюджетке ірі салық төлемдері кезеңі мен валютаны сатудың тиісті қажеттілігі аясында шетел валютасының ұсынысы сұраныстан асып түсті. Салық аптасы кезеңінде өтімділікті қолдау және шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арасында қалыптасқан теңгерімсіздікті реттеу мақсатында ұлттық банк 110,5 миллион долларға шетел валютасының артық ұсынысын сатып алды, — деді Ғалымжан Пірматов.