Басты бетЖаңалықтарТоқаев Ұлттық...

Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс кестесі жарияланды.

Ақпаратқа сәйкес, маусымның 16-ы күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумнан кейінгі үндеуінде ұлттық құрылтай құруды ұсынды.

Халқымызда «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген сөз бар. Бабаларымыз маңызды мәселені алқалы жиында шешкен. Мен осы дәстүрді жаңғыртып, Ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтердім. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады. Құрылтайдың алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өткізіледі, — деді ол 6 маусымдағы үндеуінде.