Шымкентте балабақша басшылары бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Балабақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысу табеліне жалған мәлімет енгізіп, 45,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, — делінген хабарламада.

Бюджет ақшасы мектепке дейінгі білім беруді жан басына қаржыландыруға «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз