Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімі туралы: Бұған тек әскер кінәлі емес

Біріншіден, мұндай жағдай көп емес. Кейінгі жағдай қарулы күштердің құзыретіне кірмейді. Екіншіден, өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысы әрбір жағдайды шешу міндетін қойды, біз тұтас комиссияны құрдық, оны «Әскерде нөлдік өлім бағдарламасы» деп атадық – бұған қол жеткізу үшін бірінші кезекте себептерін түсінуіміз керек: жастар неге өз-өзіне қол жұмсайды? Шынында да, бұған тек армия кінәлі емес қой, — деді қорғаныс министрі.

Руслан Жақсылықов алайда «әскерге барған азаматтардың өміріне командирлері жауапты» екенін мойындады.

Алайда адам әлдеқашан пісіп-жетілген, ол азаматтық қоғамнан келді, бізге өз проблемаларымен келді. Біздің міндетіміз — осы проблемаларды барынша жою және оны әскери қызметін өтеуге бейімдеу. Әскердің міндеті, бірінші кезекте, біздің жас буынды дайындау, оларға жауынгерлік міндеттерді орындау үшін әскери-қолданбалы дағдыларды үйрету, дұрыс па?, — деді ол.

Ведомство басшысы сонымен бірге казармада еден жууды әскери қызметшілердің борышы екенін айтты. Өйткені «санитариялық-эпидемиологиялық нормалар сақталуға тиіс».

Руслан Жақсылықов сарбаздардың туыстарынан ақша жіберуін сұрайтыны туралы сұраққа да жауап берді. Ол бұл бойынша әр жағдайды жеке-жеке қарау керек екенін айтты.

Біріншіден, ата-анаңызбен және достарыңызбен сөйлесу үшін ұялы телефонға ақша салуыңыз керек екенін білесіз. Екіншіден, сарбаздардың ағзасы жетіліп келе жатыр, өйткені 18-19 жаста көп мөлшерде калория қажет, сарбаздар шаймен ішетін тәттілерді әскери бөлім аумағында дүкендерден сатып алуына болады, — деп жауап берді министр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ??© ZTB QAZAQSTAN 2022 (@ztb_video)

ДереккөзKaztag.kz