Қазақстанда ресми түрде жаңа үш облыс пайда болды

Қазақстан президентінің 4 мамырдағы елдің жаңа өңірлерін құру туралы жарлығы ресми түрде 8 маусымнан бастап күшіне енді.

Ұлытау облысы — ең үлкен аумақтық аудандардың бірі, екі ауданнан тұрады — Жаңаарқа, Ұлытау, облыстағы үш қала — Жезқазған, Қаражал және Сәтпаев. Жезқазған — мыс өнеркәсібінің орталығы, ол аймақтың әкімшілік орталығына айналғае. Жаңа облыстың халқы шамамен 226 мың адам болуға тиіс.

Абай облысы Шығыс Қазақстан облысынан бөлінген. Кеңес заманында оның аумағында Семей облысы орналасқан. Өңірдің астанасы Семей қаласы болды. Облысқа сегіз аудан кірді: Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар, сонымен қатар екі қала — Семей және Курчатов. Облыс халқы шамамен 640 мың адам болуға тиіс.

Алматы облысы құрамынан бөлінген облыс — Жетісу облысы. Онда 650 мыңға жуық адам тұрады. Облыстың әкімшілік орталығы Алматы облысының бұрынғы орталығы — Талдықорғанда орналасқан. Облысқа сегіз аудан және екі қала кірді — Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары.