Ақтөбе облысында үш бала суға батып кетті

Телеарна мәліметінше, екі ағайынды достарымен ауылдан бір шақырым жерде орналасқан өзенге түсуге барған. Біреуі суға бата бастағанда, екеуі оны құтқарамыз деп бірге батып кеткен.

2017 және 2018 жылдары туған үш бала үлкендердің назарынан тыс қалған. 4 және 5 жастағы қыз бала бір отбасынан болса, 4 жасар ұл екінші отбасының баласы.

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне кешкі сағат 19:00 шамасында 4 және 5 жастағы әкпелі-сіңлілі қыздар мен 4 жастағы ұл баланың Ақши ауылынан бір шақырым жерде орналасқан Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы хабарлама түсті, — делінген хабарламада.