Тоқаев: Жаңа Қазақстанда полицейлердің озбырлығына жол берілмейді

Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Құқықтық реформа аясында конституциялық сот қайта құрылады. Оның қаулыларына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет. Сонда азаматтарымыз осы аса маңызды институт қызметінің пайдасын сезіне алады. Жаңа, Әділетті Қазақстанда полицейлердің озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен біржақты судьяларға жол берілмейді. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінің шын мәнінде өзгергенін қалайды, — деді президент.

Тоқаев елімізді дамытудың осы және басқа да мәселелері бойынша нақты шешімдерін қыркүйек айында өтетін парламенттің кезекті сессиясының ашылуында айтады.

Президент сонымен бірге еліміздегі азаматтарды және кәсіпкерлерді барынша қорғайтынын құқық жүйесі қажет деді. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс.

Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет. Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы жарлыққа қол қойдым, — деді ол.