Пластик бөтелкелер мен пластмасса қалдықтарын елден шығаруға тыйым салынды

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан пластик бөтелкелер мен пластмасса қалдықтарды шығаруға 6 айға тыйым салынады.

  • Сыйымдылығы 2 литрден аспайтын бөтелкелерді, құтыларды және ұқсас бұйымдарды;
  • сыйымдылығы 2 литрден асатын өзге де бөтелкелерді, құтыларды және ұқсас бұйымдарды;
  • пропилен пластмассаларынан жасалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды әкетуге болмайды.

Сауда және интеграция министрлігі еуразиялық экономикалық комиссияға тыйымның енгізілетіні туралы хабарлауға тиіс.

Бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.