Алматыдағы метро станциялары арасында пойыз тоқтап қалды

Техникалық себептерге байланысты «Алмалы» және «Абай» станциялары арасындағы тоннельдегі жылжымалы құрам тоқтап қалды. Пойыз 15 минут аялдаған. Себептері анықталып жатыр, кейінірек хабарланады. Пойыздардың қозғалыс кестесі қалпына келтіріліп жатыр, — делінген хабарламада.

Алматы метрополитентінің баспасөз хатшысы Baribar.kz редакциясына сол кезде пойызда қанша жолаушының болғаны туралы ақпарат қолында жоқ екенін айтты, бірақ бәрінің жағдайы жақсы деп сендірді. Сонымен бірге пойыздың тоқтауына не себеп болғанын міндетті түрде хабарлауға уәде етті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRIS | P | ALMATY (@kris.p.almata)