Басты бетЖаңалықтарБердібек Сапарбаев...

Бердібек Сапарбаев президентке бірқатар ұсыныс айтты

Мемлекет басшысына өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы, президенттің бастамалары мен саяси реформаларын халықтың кеңінен талқылап жатқаны туралы мәлімет берілді.

Бердібек Сапарбаев өзі қызмет атқарған Жамбыл облысында орындалып жатқан президент тапсырмаларының нәтижелерін кеңінен баяндады. Атап айтқанда, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қоғамның ынтымағы мен бірлігін нығайтуға бағытталған «Асар», «Туған жерге тағзым», «Жомарт түлек» және «Бейбітшілік пен келісім» атты жобалар жайлы айтылды.

Сонымен қатар Жамбыл өңірінде жүзеге асырылған пилоттық жоба туралы мәлімет берілді. Бұл бастамалар әрбір отбасының өзін-өзі асырауына жағдай жасауға негізделген.

Бердібек Сапарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылығын әлсіретіп алмай, одан әрі дамыту жөнінде, сонымен қатар жергілікті билік пен ата-аналардың бірлесе отырып, балаларды еңбекке баулу ісін қолға алу туралы ұсыныстарын айтты.

Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу мәселесі де талқыланды.

Еске салсақ, 7 сәуір күні мемлекет басшысының жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды.