Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстанда...

Батыс Қазақстанда жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

БҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліменше, оқиға 28 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болды.

Сағат 18.00-де ауылдан 3 шақырым жердегі Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған аймақта 15 жастағы ер бала батып кетті. Кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылып, судан шығарылды,- делінген хабарламада.