Жайық өзенін тазалау жұмысына 100 миллион теңге бөлінді

Әрине, әрбір мемлекет өз мүддесін көздейді. Қазіргі таңда Ресей тарапының ойы да бірлесіп өзен мен көлдердің мәселесін шешу. Ресей өкілдері бізді кінәлайсыңдар дегенді айтуда. Меніңше, бұл жерде қалыптасқан ахуалға байланысты нақты шешімдер айтылды, — деді вице-министр.

Сонымен бірге Серік Қожаниязовтың айтуынша, климаттық проблема таралған аумаққа және Жайықтың мәселесін шешу мақсатында 100 миилон теңге бөлінген.

Жайықтағы жағдайдың алдын-алу үшін өзен бойындағы кедергілер алынып жатыр. Сонымен қатар су мөлшері тапшы жерлерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өңірге бөлінген 100 миилон теңге 2024 жылға дейін Атырау мен Орал аймағына жұмсалады,- деді ол.