Оның хабарлауынша, мемлекеттік қызметкерлер арасында ең көп жемқорлық құқық бұзушылықтар Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарынан екендігі анықталды.
“Қызметкерлердің жиі жұмыс орнын ауыстыруын алдын алу үшін мемлекеттік қызметкерлермен жүргізілген сұхбаттарды мұқият тыңдап, қарап, қажет болса, қандай да бір шараларды қолдану керек. Басты мәселе мемлекеттік қызметкерлердің жағымсыз себептермен жұмыстан кетуінде. Олардың жартысы жемқорлық деректері бойыша жұмыстан шығарылған”, – деді Айгүл Шаимова.
Сондай-ақ жемқорлық үшін жұмыстан шығарылған қызметкерлердің басым бөлігі қаржы министрлігін, әділет және ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет еткен.