Басты бетБілімҚазақстан оқушылары...

Қазақстан оқушылары енді сыйақы ала алады

Жақында президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 3 180 000 теңге), қола медальға 500 айлық есептік көрсеткіш (1 590 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйақы беріледі, — деп жазды министр Facebook-те.

Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтарға да біржолғы сыйақы беріледі. Бұған қоса, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін автомат түрде гранттар беріледі.