Жаңа оқу жылында «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі

Бұл туралы сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Еңбекке баулудың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екені белгілі. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-кластан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі. Жоба ретінде мектептер жанында жылыжайлар ашу қолға алынады. Бүгіннің өзінде 7%-ке жуық мектепте бұл тәжірибе бар, — деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, алғаш рет биылдан бастап мектептерде 7-кластан бастап болашақ мамандықты таңдауға бағыттайтын «педагог-кәсіптік бағдар беруші» маманы енгізіледі.