Алматыда мемлекеттік қызметкерлер түзеу мекемелеріне барды

Антикор түзеу мекемелерінде мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін экскурсия жүргізу тәжірибесін жаңартып жатыр.

Іс-шараның негізгі мақсаты қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру, күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылар мен сотталғандардың тұрмысын ішкі жағынан көрсету болып табылады.

Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
Фото: Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Экскурсия барысында тергеу изоляторының қызметкерлері — тергеу кабинеттерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған камераларды, серуендеуге арналған орынды көрсетеді.

Мемлекеттік қызметшілер экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісіп, іс-шара оларға қатты әсер еткенін айтты.

Бұл алдын алу іс-шарасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жиілеп кеткен мемлекеттік органдармен өткізілетінін атап өткім келеді. Біз мемлекеттік мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлық қылмыстарының неден басталатынын көрнекі түрде көрсеткіміз келеді. Тергеу изоляторының қабырғасында өткізген уақыт жауапты тұлғалардың пара алуға және беруге деген ниетін қайтаруы тиіс, — деді Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан.

Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
Фото: Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі