Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті «Есіл» ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодексінің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жүргізілген сот-медициналық сараптамаға сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген, — делінген хабарламада.

Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және өз әрекетіне жауап беру туралы қолхат» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, әлеуметтік желіде лифтіде белгісіз біреудің қыз баланы теуіп, ұрып жатқан видеосы тараған еді.