Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Атакент» маңындағы ірі өрт өшірілді

Видео скрині

Алматы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі өкілдері ведомство күштері мен техникасы Бостандық ауданы, Тимирязев 42 мекенжайындағы өртке жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілгенін хабарлады.

Алғашқы жеткен өртсөндірушілер № 9 павильон жанып жатқанын анықтады. Өрт таралу қаупі жоқ, — делінген хабарламада.

Өрт сағат 17.11-де сөндірілді.

Оқиға орнында жедел штаб жұмылдырылды, екі өрт сөндіру орны құрылды, өрт саптамалары енгізілді, батыс және шығыс жағынан гидранттарға автоцистерналар орнатылды. Алдын ала мәлімет бойынша, павильон бос,- делінген хабарламада.

Exit mobile version