Тоқаевты туған күнімен тағы кімдер құттықтады?

Президенттің туған күніне орай Хорватия президенті Зоран Миланович, Армения Республикасының президенті Ваагн Хачатурян, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан президенті Рустам Минниханов, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай құттықтау жеделхатын жолдады, — деп жазды БОРТ№1 Telegram-арнасы.

Айта кетейік, кеше де Қазақстан президентінің туған күніне байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, парламент төрағаларынан, үкімет басшыларынан және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп түскен болатын.