Мемлекет басшысын Анкараның халықаралық әуежайында Түркияның вице-президенті Фуат Октай шығарып салды.
Екі күнге созылған мемлекеттік сапардың негізгі түйіні Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен жүргізілген жан-жақты келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар әртүрлі салаларда ынтымақтастықты нығайта түсетін бірқатар маңызды үкіметаралық келісімдерге қол қойылды, — деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге мемлекет басшысы түрік бизнесінің ірі өкілдерімен кездесті.
Олармен кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қол жеткізілген барлық уағдаластықтың орындалуы оның жеке бақылауында болады, — делінген хабарламада.