Он жасар қыз жанып жатқан үйден бес бауырын құтқарды

Анасы Юлияға 2009, 2011, 2015 жылдары туған інілері мен 2008 және 2013 жылы туған сіңлілерін қалдырып, отын әкелуге кеткен. Балалар өрт шыққан бөлмеде ойнап отырған.

ТЖМ өңірлік басқармасында айтқандай, өрттің лаулап жанғанын көрген қыз құтқарылу қажеттігін түсінеді. Жалын үйдің шыға берісін де шарпыды. Сол кезде ол балаларды шақырып, жұдырығымен терезені сындырып, далаға көрпе, күртешелерді лақтырып, бауырларын үйден шығара бастайды. Бір жарым жастағы інісі мен үш жастағы сіңлісін жүгіріп жеткен көршінің қолына береді. Артынша өзі есінен танып құлайды.

Юлия көршінің үйінде есін жияды. Тұра сала, құтқарып үлгере алмадым ба деп алаңдап, балаларды санай жөнелді. ТЖМ айтқандай, үй толықтай жанып кеткен. Өрттің шығуына себеп   -электр сымдарының апатты режімі.