Каспий теңізінде жоғалған балықшылар үшінші күн іздестіріліп жатыр

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Құтқару жұмысына департаменттен 2 техника, 2 қайық және 9 адам, «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тік ұшағы, қорғаныс министрлігінің 29011 әскери бөлімі және еріктілер жұмылдырылды.

3 мамыр 15.00-де Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, подполковник Мұрат Мұханов тікұшақпен теңізде жоғалып кеткендерді іздестіру үшін ұшып кетті.

Дауыл болатыны жайлы ескертпе түскен кезде теңізге қайықпен шығуға және шомылуға тыйым салынады, себебі теңіз толқындары жоғары көтеріліп, күшеюі мүмкін,- деді құтқарушылар.

Естеріңізге сала кетейік, 30 сәуір 01.00 шамасында Каспий теңізіне балық аулауға шыққан 1994 жылы туған Қазақстан және 1983 жылы туған Өзбекстан азаматынан әлі күнге дейін хабар жоқ.