Басты бетЖаңалықтар1-класқа қабылдауға...

1-класқа қабылдауға 180 мыңнан астам өтініш түсті

Балаларды 1-класқа қабылдау үшін құжаттарды 1 сәуірде бастап, 1 тамызға дейін Egov.kz веб-порталы арқылы тапсыруға болады.

Біз азаматтарға көрсетілетін барлық қызметті автоматтандыруға баса назар аударамыз. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиада электронды форматқа көшірілді. Мұның көптеген артықшылығы бар, ең бастысы — барлық процестің ашықтығы. Біз ашықтықты және азаматтарға қолайлы жағдай жасауды қолдаймыз. Құжаттарды қабылдаудың бірінші күнінің өзінде egov.kz порталы арқылы 10 мыңнан астам электронды өтініш келіп түсті. Мұндай сандар білім министрлігінің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында танымал екендігін көрсетеді, — деді білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

Айта кетейік, 1-класқа балаларды қабылдау ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.

Ол үшін мынадай құжаттар қажет:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 026/у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 065/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат және оқушының өлшемі 3х4 болатын екі фотосуреті.