ҰБТ нәтижесін саралау ережесіне өзгеріс енеді

Бұдан былай ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырушыларға қорытынды балмен бірге тақырыптық талдау қорытындысы беріледі.

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Енді ҰБТ қорытындысы бойынша әр мектеп, облыс, тіпті пән бойынша талдау жасап, оны мектептердің жұмысын бағалау үшін пайдалануға шешім шығардық. Электронды форматқа көшу енді тестілеуге тақырыптық талдау жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты біз наурыз айындағы ҰБТ кезінде пилоттық режимде енгіздік, — деп жазды министр.

Оның айтуынша, енді түлек тестілеуді аяқтағаннан кейін жинаған ұпайларының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар қандай тақырыптарды білетіні және қайсысына көңіл бөлу қажет екені туралы қосымша талдау алады.

Дәл осындай талдауды мектепке де, нақты пәнге қатысты да, аудан, облыс және жалпы республика көлемінде де жасаймыз. Бұл не береді? Бұл шешім тестілеушілерге қандай тақырыптарға назар аудару, қандай тақырыптарды күшейту керегін көруге мүмкіндік береді. Яғни сынаққа қатысушылар қазірдің өзінде өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, жеке тақырыптарға көбірек уақыт бөліп, қателермен жұмыс істей алады, — дейді ведомство басшысы.

Асхат Аймағамбетов бұл тәсіл мұғалімдерге оқушылардың қандай тақырыптарда қиналғанын көруіне мүмкіндік беретінін айтты.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстандағы коронавирус статистикасы. 20 наурыз

Елімізде кейінгі тәулікте 36 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Мақсат Жақау: Сайлауда көптен бері болмаған жеті саяси партияның қатысуын бақыладық

Президент сайлауы қарсаңында қоғамдық бастама негізінде ел азаматтары құрған Baqyla қоғамдық қозғалысы елімізде 2023 жылғы 19 наурызда өткен парламент мәжілісін және маслихат депутаттарын сайлауда елішілік тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін сайлау учаскелерін қамтитын өңірлік штабтарда бақылаушылық жасады.

Александр Братенков: Алматылық бақылаушылар сайлауда кәсіби дайындығын көрсетті

Алматылық бақылаушылар учаскелік сайлау комиссиялары сайлау күні кәсіби дайындығын көрсетті. Бұл туралы бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков айтты.

Алматыдан 360 шақырым жерде жер сілкінді

Сейсмологтар сағат 00:38-де Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді

Батыс Қазақстан облысында 16 мектеп салынады

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында елімізде 2025 жылдың соңына дейін 1 000 мектеп салынуға тиіс.