1-сыныпқа қабылдауға үш күнде 13 мыңнан астам электронды өтініш түсті

Қабылдаудың бірінші күні, яғни жұмада 10 мың, бүгін жұмыс күні басталғалы бері тағы 3 мың өтініш түсті,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған. Бұл жұмыс egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды 1 сәуірде бастап, 2022 жылғы 1 тамызға дейін тапсыруға болады.

Біз азаматтарға көрсетілетін барлық қызметті автоматтандыруға баса назар аударамыз. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиада электронды форматқа көшірілді. Мұның көптеген артықшылығы бар, ең бастысы — барлық процестің ашықтығы. Біз ашықтықты және азаматтарға қолайлы жағдай жасауды қолдаймыз. Құжаттарды қабылдаудың бірінші күнінің өзінде egov.kz порталы арқылы 10 мыңнан астам электронды өтініш келіп түсті. Мұндай сандар БҒМ-нің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында танымал екендігін көрсетеді, — дейді білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

1-сыныпқа балаларды қабылдау ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Сонымен қатар мынадай құжаттар қажет:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 026/у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 065/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат және оқушының өлшемі;
  • 3х4 болатын екі фотосуреті.