Басты бетЖаңалықтарКедендегі тексерістен...

Кедендегі тексерістен кейін мемлекетке 165 миллиард теңге шығын келгені анықталды

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару және тауарларды жалған декларациялау деректері анықталды, соның салдарынан мемлекетке 165 миллиард теңге залал келтірілді. Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 дерегі анықталды, — делінген хабарламада.

Уәкілетті экономикалық операторлар кәсіпкерлерді салықтан жалтару үшін кейінгі екі жылда 221 миллиард теңгенің шот-фактураларын қолдан жасағаны хабарланды. Тексеру жүргізілген бір ай ішінде жалпы құны 800 миллион теңге болатын контрабанданың 16 дерегі анықталды.

Group Of The Companies Tda ЖШС жүктерін тексеру кезінде жалпы құны 287 миллион теңгенің декларацияланбаған тауары анықталды. ЖШС директоры М. қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз іс-әрекеттер дерегі тіркелді.

2022 жылғы 27 қаңтарда «Берекет Логистик» ЖШС жүгін қайта тексеру кезінде прокуратура қызметкері құны 127 миллион теңге болатын 22 тонна контрабанданы анықтады, ал «Нұр жолы» кеден бекетінің маманы Мошканов алғашқы тексеру жүргізіп, декларацияланбаған тауардың салмағы тек 337 келіні көрсетті, — деп хабарлады бас прокуратураның өкілі.

Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді түзету арқылы 9 импорттаушыға 143 миллион теңге сомаға тауарлардың кедендік құнын тексеруден өтуге мүмкіндік берген.

Антикор мен бас прокуратураның бірлескен күшімен қылмыстық әрекетті имитациялаған прокуратура қызметкеріне 50 мың доллар пара бергені үшін «Нұр жолы» кеден бекетінің бастығы мен оның орынбасары ұсталды. Сонымен бірге тексерушілерге 30 мың доллар көлемінде пара бергені үшін Cargo Management ЖШС өкілі қамауға алынды, — деді бас прокуратура.