Министрдің айтуынша, мектептерде электронды күнделік пен электронды оқулық болғаны дұрыс. Ең маңыздысы, мектеп дәліздерінде шкаф болуы керек. Сондай-ақ, үй тапсырмасына шектеу қойылмақ.
«Бүгін немесе ертең арнайы хабарландыру шығады. Осыған дейін мектеп директорларының екі тобы мен әдіскерлер оқушыларға берілетін үй тапсырмасының көлемін зерттеген болатын. Біздің осы мәселеге қатысты ұсынысымыз бар. Яғни үйге берілетін тапсырманың уақытын 40 минутқа қысқартуды жоспарлап отырмыз. Болашақта кейбір пәндер бойынша үй тапсырмасы берілмеуі мүмкін», — деді министр.