Басты бетБастыУниверсиада: Роман...

Универсиада: Роман Еремин мен Антон Пантов жүлдегер болды

Бұл сайыста бірінші орынды француз Жоути Баптисте алды. Ол жарыс жолын 43 минут 30 секундта жүріп өтті. Екінші орынды Роман Еремин, ал үшінші орынды Антон Пантов иеленді.

Күміс жүлдегер жеңімпаздан небәрі 13,5 секундқа қалып қойды, ал қола — 27,7 секунд. Баптис те екі рет мүлт кетті, Еремин — бес рет, ал Пантов екі рет нысанаға тигізе алмады.

Осыған дейін, 7 ақпанда қазақстандықтар екі медальді иеленген болатын. Биатлоншы Галина Вишневская масс-старт жарысында барлығынан бірінші болып келіп, алтын медальді жеңіп алды, ал Анна Шевченко қола жүлдені қанағат тұтты.

Бұл еліміздің қоржынындағы 31-ші медаль. Қазір бізде 11 алтын, 7 күміс, 13 қола бар, жалпы есепте екінші орындамыз.

ДереккөзVesti.kz