Әлия Назарбаева экологиялық қауымдастықтағы қызметінен кетті

Бұл ақпаратты аталған қауымдастықтың басқарма төрағасы Айгүл Соловьева растады.

20 қаңтардан кейін Әлия Нұрсұлтанқызынан төралқа төрағасы өкілетін доғарғысы келетіндігі туралы өтініш келіп түсті. Осыдан кейін біз жиналыс, съезд өткізіп, бұл жайында жария еттік. Оған атқарған жұмысы үшін ризашылығымызды білдірдік. Жалпы ол ешқашан ісімізге араласқан емес, нұсқаулық та берген жоқ. Онымен жұмыс істеу өте қолайлы болды. Біз оның өтінішін қанағаттандырдық және төралқа институтын тарату туралы шешім қабылдадық, — деді қауымдастықтың басқарма төрағасы.