Басты бетЖаңалықтарҚаңтар оқиғасы:...

Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайының жарығын өшірген адам ұсталды

Оның айтуынша, 5 қаңтар күні Н. есімді азамат бір топ адаммен бірге Алматы әуежайының ұшу-қону жолағының жарығын өшірді.

Ол өзінің әрекетімен стратегиялық объектінің қызметін тоқтатты, нәтижесінде ұшақтар жолаушылармен ұшып кете алмады және токтан ажыратылған ұшу-қону жолағында 10 сағаттан артық тұруға мәжбүр болды. Осы уақытта қарулы топ Алматы әуежайының ғимаратын қиратып, тонады, — деді Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Қазіргі кезде «Н»-нің іс-әрекеттері қылмыстық кодекстің 255-бабы — терроризм актісі бойынша сараланып жатыр. Оның қылмысы жиналған дәлелдемелермен расталады.

Қаңтар оқиғасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және оларды жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасып жатыр, — деді Елдос Қилымжанов.