Алматыда қызды «алып қашқан» видео пранк болып шықты

Осы дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Кеше, 20 сәуірде Алатау ауданы Момышұлы көшесі бойындағы «Алматы аренада» адам ұрлау фактісі бойынша түсірілген видео — әлеуметтік эксперимент, қазіргі тілмен айтқанда, пранк. Мен сол қызбын. Мені ешкім ұрлаған жоқ және ешкімге шағымым жоқ, аман-есенмін. Бұлай түсіргенімізге қазақ халқынан кешірім сұраймыз, – деді, 2004 жылы туған Т.есімді азаматша.

Сонымен қатар «Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған И.есімді азамат анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзу дерегі бойынша оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 2900-бабы 2-бөлігі (КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқару) және ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі (жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Еске салайық, кеше, 20 сәуірде Алматы қызды алып қашып бара жатқан видео пайда болды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан такси ұстап тұрған қызды мемлекеттік нөмірі жоқ ақ көліктен шыққан екі жігіт сүйреп алып көлікке мәжбүрлеп мінгізеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)