Алматыға баратын негізгі жолдардың бірі бес айға жабылады

Мұны облыстық полиция департамені хабарлады.

Жазда Алматы үлкен айналма жолының құрылысы жалғасады. Жоба аясында көпірлер, жол айрықтары мен эстакадалар салынады. Осының арқасында Алматыдағы жол қозғалысы 60% жеңілдейді деген болжам бар. Осыған байланысты Алматы-Шамалған-Ұзынағаш» тасжолының бір бөлігі жабылады.

Жолдың 23 шақырымы жабылады. Сол кезде Алматыға кіру қиындай түседі. Себебі Көкдала мен Іңкәрбекова көшелері (Қырғауылды кенті), Сүйінбай мен Наурыз көшелерімен (Райымбек кенті) айналып жүруге тура келеді. Тасжолдың бір бөлігі мамырдан қыркүйекке дейін жабылады деген жоспар бар, — дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары алдағы шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.