Биыл университеттерге 73 мың грант бөлінеді

Осылайша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің көп бөлігі мемлекет есебінен тегін оқу мүмкіндігін алады.

Президент қолдауының арқасында мектеп түлектерінің бюджет есебінен оқуға мүмкіндігі артып келеді. Колледждерде білім алу үшін биыл білім беру гранттарының саны да рекордтық көрсеткішке, яғни 31 мың грантқа дейін ұлғайып отыр. Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтар бойынша беріледі. Емтихандарды алып тастадық және азаматтардың әлеуметтік осал санаты үшін арнайы квоталарды енгіздік, — деді Асхат Аймағамбетов.

Гранттар барлық колледжге берілмейді. Студент грантты жеңіп алып, белгілі бір колледжді таңдайды. Осылайша қаржыландыру студент таңдаған колледжге жіберіледі. Бұл жерде «ақша студенттің соңынан ереді» деген қағида жұмыс істейді. Бұл кадрларды даярлау бойынша колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Айта кетейік, гранттарды бөлу кезінде халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан балаларға арналған квоталар саны ұлғайтылады. Яғни көпбалалы немесе толық емес отбасылардың балалары, сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан үміткерлердің грант алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары.

Сонымен бірге студенттер арасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтарға жаңа гранттар бөлінеді.