Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 миллиард теңге төленді

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОБ субъектісі зардап шеккен. Оларға шамамен 38,6 миллиард теңге шығын келді.

Бүгінгі күні 1 491 ШОБ субъектісі жалпы сомасы 8,3 миллиард теңгеге төлем алды, — деді Тимур Жақсылықов үкімет отырысында.

Үкімет қаңтар оқиғасынан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мынадай жедел шаралар қабылдады:

  • ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу;
  • жеке және заңды тұлғалардың қарызы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
  • салықтық және кедендік тексерулер мен басқа да шаралар тоқтатылды.