Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОБ субъектісі зардап шеккен. Оларға шамамен 38,6 миллиард теңге шығын келді.
Бүгінгі күні 1 491 ШОБ субъектісі жалпы сомасы 8,3 миллиард теңгеге төлем алды, — деді Тимур Жақсылықов үкімет отырысында.
Үкімет қаңтар оқиғасынан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мынадай жедел шаралар қабылдады:
- ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу;
- жеке және заңды тұлғалардың қарызы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
- салықтық және кедендік тексерулер мен басқа да шаралар тоқтатылды.