«7-20-25» бағдарламасы бойынша қанша қаражат игерілмеді?

Ипотекалық бағдарлама триллион теңге шегіне жеткенше жұмыс істейді. 18 сәуірдегі жағдай бойынша, 1 триллион теңгенің 534 миллиард теңгесі берілген.

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша жоспарланған әлі 466 миллиард теңге резерв бар, — делінген хабарламада.

Қор бағдарлама аясында несиелер тек бастапқы нарықта жаңа, пайдалануға берілген тұрғын үйді сатып алуға берілетінін еске салды.

Барлық ипотекалық несиенің басым бөлігі Нұр-Сұлтанда берілген — 14 232, сомасы — 212,3 миллиард теңге. Алматыда — 127,5 миллиард теңгеге 8 912 несие, Шымкентте — 33 миллиард теңгеге 2 843 несие берілді,- делінген хабарламада.