Алматыда жартылай марафон чемпиондары анықталды

Алматыда жартылай марафоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

1.06.57 нәтижесімен Рахымжан Келманов және 1.18.02 нәтижесімен Мадина Керимова еліміздің абсолютті чемпионы атанды.

Екінші орынды Ислам Аманқос-1.08.27, Ақбаян Нұрмамет-1.19.01 алды.

Тұғырдың үшінші сатысында — Ержан Жанарыстанов – 01.09.44 және Татьяна Нерознак – 1.20.23.

Айта кетейік, марафонға еліміздің үздік жеңіл атлеттері, соның ішінде ұлттық команда өкілдері де қатысты.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз