17 сәуір күні Алматыда бірнеше көше жабылады

2022 жылдың 17 сәуір күні Алматыда жартылай марафон өтеді. Кей көшедегі автокөлік қозғалысы уақытша тоқтайды.

Бұл туралы Алматы жартылай марафонының ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 16 сәуір күнгі сағ. 23:00-ден 17 сәуір күнгі сағ. 13:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағ. 7:20-дан 8:20-ға дейін жабық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Шашкин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 03:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:30-дан 10:00-ге дейін толық жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:20-дан 13:00-ге дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:00-ден 11:30-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз