Қазақстанда адам ойын оқитын құрылғы жасалуда

Әмір Қами Әмір бүгінде Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде оқиды, «студенттік конструкторлық бюроның» белді мүшесі.

«Менің басымдағы «Нейроскай» деген құрылғы. Ол біздің миымыздағы сигналды қабылдап, компьютерге шығарады. Ол миымыздың жұмысын, не ойлайтынымызды көрсетеді. Болашақта осы технологиялар, мысалы, мұғалім сабақ бергенде оқушының тыңдап-тыңдамайтындығын көріп біле алады. Қазіргі уақытта миым жұмыс істеп жатыр, бірақ та шаршадым, соны көрсетіп тұр»,-дейді Әмір.

Қазіргі уақытта Әмірмен бірге 12 мыңдай студент білім алып жатыр. Олар меңгеретін 20 мамандықтың тең жартысы қазірдің өзінде инновациялық технология саласында қолданыста. Мәселен, ізденуші жастар 3D принтинг арқылы модельдеу тәсілдерін үйренеді. Олардың бірқатар IT жобалары биыл EXPO 2017 көрмесіне қатыспақшы.

Дереккөз24.kz