Тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/1 мекемесіне 8 сәуір күні К есімді азамат тергеу изоляторына қамауға алынған А есімді азаматқа ас-ауқат алып келген. Мекеме қызметкерлері ас-ауқат салынған қалтаны тексеру барысында бәліштің ішіне жасырылған NOKIA ұялы телефонын тауып, тәркіледі. Аталған дерек бойынша К есімді азаматтан түсініктеме алынды, -делінген хабарламада.

Оның айтуынша, бәліштерді қамаудағы азаматтың таныстары жеткізуін сұраған және бұл бәліштердің ішіне мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған заттардың бар екенін білмеген.

Ұялы телефонды анықтау және тәркілеу деректері бойынша ҚР АҚК-нің 481-бабына сәйкес деректер жиналып, Нұр-Сұлтан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына іс-құжат жолданды.