Арықтағы қызды құтқарған ақтөбеліктер марапатталды

Тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен фитнес-клубтың жаттықтырушыларын төтенше жағдайлар министрі марапаттады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алексей Ступенко, Юрий Лысенко, Альберт Дедусев, Евгений Зелевский және Ерболат Құлжігітовке төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Еске салсақ, 31 наурызда 12 жасар оқушы қыз еріген қар суы толған шұңқырға құлап кеткен болатын. Оқиға «Батыс-2» шағын ауданында «Арбат» тұрғын үй кешенінің маңында болған. Қызды сол маңдағы азаматтар аман алып қалды.